10.02.2010, 18:05 3836

Қазақстанда 2009 жылы ВИЧ - жұқпасын тасымалдаушылар 2072 адам болды

Қазақстанда 2009 жылы ВИЧ - жұқпасын тасымалдаушылар 2072 адам болды

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда ВИЧ - жұқпасын тасымалдаушылар 2072 адам болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

Республикалық СЭС-тің деректері бойынша 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2008 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда ротавирус энтеритімен (53,4%), кене вирусының энцефалитімен (44,1%), эхинококкозбен (10,7%) ауырғандар санының өскені байқалды. СПИД-пен ауырғандар саны 166 оқиғаны құрады, 2072 ВИЧ - жұқпасын тасымалдаушылар (өткен жылғы тиісті кезеңде - 2318) анықталды.

Ағымдағы жылғы қарастырылып отырған кезеңде тіркелген жұқпалы аурулардың арасында аса кең тарағаны жоғары тыныс жолдарының өткір жұқпасы (100 мың адамға шаққанда 9281,8 оқиға), ішектің өткір жұқпасы (130,1), тыныс органдарының туберкулезі (91,5), вирустық гепатит (36,2), мерез (39,7), битшеңдік (17,1) және қышыма (14,4) болды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2008 жылғы қаңтар-желтоқсанда ротавирус энтеритімен (1,5 есе) ауырғандар саны көбейген. 28 АҚТҚ-жұқпасын тасымалдаушы (2008 жылғы қаңтар-желтоқсанда - 69) анықталды

Ауылдық жерлерде 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда құтырумен - 10 (2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда - 3), эхинококозбен - 536 (422), ротавирус энтеритімен- 1294 (632), науқастанғандар саны өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны