15.05.2009, 18:03 2797

Қазақстанда 2010 жылдан бастап үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың бес жылдық жоспары жүзеге асырыла бастайды

Қазақстанда 2010 жылдан бастап жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамудың бес жылдық жоспары жүзеге асырыла бастайды

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2010 жылдан бастап үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың бес жылдық жоспары жүзеге асырыла бастайды. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП кезектен тыс ХІІ съезінің барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"2010 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы аясында жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамудың 5 жылдық жоспарын бастаймыз",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Кеңес одағы дәуіріндегі индустрияландыру шаралары бізге жарамайды. Бізге инновациялық индустрияландыру қажет", - деді мемлекет басшысы.

Президент еліміздегі индустрияландыру әлемдік экономиканың қазіргі даму үрдісіне сәйкес келуі керектігін айтты. "Мемлекеттік жоспарлау мен экономиканы ынталандыру рөлі артады. Бәскеге қабілеттілік, жеке меншікке қол сұғылмау, іскерлік бастамаларды марапаттау секілді нарықтың басты принциптері берік сақталады",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны