21.10.2009, 17:57 3346

Қазақстанда 2010 жылдың аяғына дейін бірінші жел электр станциясы салынады

Қазақстанда 2010 жылдың аяғына дейін бірінші жел электр станциясы салынады

Астана. 21 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2010 жылдың аяғына дейін бірінші жел электр станциясы салынады. Бұл туралы бүгін ҚР энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов Қазақстанның бірінші жел атласының тұсаукесерінен кейін жірналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біздің болжамымызға және инвесторларымыздың сұрауына сәйкес еліміздегі бірінші жел электр станциясы келесі жылдың аяғына дейін салынады", - деді Д. Тұрғанов.

"Бізде оңтүстіккореялық әріптестеріміз ұсынған жоба бар: олар Ақмола облысында бір, Алматы облысында бір кентті толықтай орны толтырылатын қуат көздерінен алынатын энергиямен қамтамасыз етпекші. Бұл бірақ әзірге тек олардың ұсынысы ғана. Оны біз келешекте қарайтын боламыз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны