30.04.2010, 13:50 6225

Қазақстанда 2010 жылы коммуналдық қызмет тарифтері 12 - 14%-ға өседі

Қазақстанда 2010 жылы коммуналдық қызмет тарифтері 12 - 14%-ға өседі

Астана. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2010 жылы коммуналдық қызмет тарифтері 12 - 14%-ға өседі. Бұл туралы бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы Нұрлан Алдабергенов журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстанда 2010 жылы коммуналдық қызмет тарифтері 12 - 14%-ға өседі деп күтудеміз. Бұл өсім маусымдар бойынша былайша бөлінеді: суға - жазда, ал жылуға - күз-қыста", - деді бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы.

Ресми БАҚ-тардың хабарлауынша, өткен жылы агенттік өзі қараған 585 тарифтің 464-ін көтере бекіткен. ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысының сөзіне қарағанда, 2009 жылы "біршама көтерілді". "Тек электр қуаты бойынша ел көлемінде орта есеппен 15 - 17%-ға өсті. Оған себеп жоқ емес: электр станцияларында шектеулі тарифтер аясындағы бағаның өсуі электр қуатын тарату мен жалғастыру құнына өз әсерін тигізді. Ұлттық валютаның девальвациясы салдарынан газ бен көмір қымбаттады, табиғи монополия субъектілері инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруы қажет", - деді Н. Алдабергенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны