28.02.2007, 16:39 6746

Қазақстанда 2010-жылы пайдалануға берілетін коммерциялық баспаналардың көлемі жалпы көлемнің 18 процентін құрайды

АЛМАТЫ. 28-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2010-жылы пайдалануға берілетін коммерциялық баспаналардың көлемі жалпы көлемнің 18 процентін құрайды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитетінің төрағасы Қайсар Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз азаматтардың баспанаға қол жеткізе алу мүмкіндігіне ұмтылып отырмыз. Сонымен бірге, егер әлдекім бір шаршы метрі 5 мың доллар тұратын үй немесе пәтер сатып алғысы келсе, оған да таңдау мүмкіндігі берілуге тиіс",- деді Қ.Омаров.

Оның айтуынша, 2004-жылы коммерциялық баспананың үлесі 27% болса, 2005-жылы пайдалануға берілген 5 млн шаршы метрдің аясында коммерциялық тұрғын үйдің үлесі 25%, немесе, 1,2 млн шаршы метрді құрады. 2006-жылы 6, 2 млн шаршы метр тұрғын үй бой көтерді, соның ішінде коммерциялық баспанаға 24% тиесілі, немесе ол 1,5 млн шаршы метр болды. "Тұрғын үй көлемінің өсімі коммерциялық баспана көлемінің өсімінен озып келеді", - деді Қ.Омаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны