13.12.2011, 10:35 3562

Қазақстанда 2011 жылдың қазанында халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы 45910 теңгені құрады

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2011 жылғы қазанда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары алдын ала берілген деректер бойынша 45910 теңгені құрап, 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2%-ға артқан. Нақты ақшалай табыстар 4,8%-ға өсті.

Астана. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2011 жылдың қазанында халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы 45910 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2011 жылғы қазанда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары алдын ала берілген деректер бойынша 45910 теңгені құрап, 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2%-ға артқан. Нақты ақшалай табыстар 4,8%-ға өсті.

2011 жылғы қазанда орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың көлемі бойынша Атырау облысы, Алматы және Астана қалалары алдыңғы қатарда, мұнда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,3-1,6 есеге артық.

2011 жылғы қазанда табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден орташа алғанда 62,2% және 75,0% құрады. Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында белгіленді.

2011 жылғы қазанда өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы арақатынас 3,7 есені құрады (2010 жылғы қазанда - 3,6 есе).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны