16.10.2012, 13:39 3610

Қазақстанда 2012-2013 маркетинг жылында астық экспорты 7 млн тоннаға дейін жетеді деген болжам жасалуда

"Қазақстан 4,5 млнт тонна бидай, сондай-ақ 1,8 млн тонна ұн немесе астық эквиалентінде - 2,4 тонна экспорттайды. Барлығы 6,5-7 млн тоннаны құрайды", - деп ол бүгін Астанада үкімет отырысында мәлімдеді.

Астана. 16-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2012-2013 маркетинг жылында астық экспорты 7 млн тоннаға дейін жетеді деген болжам жасалуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "Қазақстанның астық одағы" басшысы Нұрлан Тілеубаев мәлім етті.

"Қазақстан 4,5 млнт тонна бидай, сондай-ақ 1,8 млн тонна ұн немесе астық эквиалентінде - 2,4 тонна экспорттайды. Барлығы 6,5-7 млн тоннаны құрайды", - деп ол бүгін Астанада үкімет отырысында мәлімдеді.

Бұл күні Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман астық экспорты 8 млн тоннаны құрайтынын мәлімдеген болатын.

Таза салмақтағы астық түсімі 12 млн тонна деңгейде жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны