01.02.2012, 15:16 3866

Қазақстанда 2012 жылдың қаңтар айында азық-түлік бағасы 6,5 пайызға өскен

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 20,5 пайызды құрады. Сиыр етіне баға деңгейі 30,4 пайызға, қой етіне - 27,9 пайызға, жылқы етіне - 20,5 пайызға, шошқа етіне - 12,4 пайызға, шұжық өнімдеріне - 11,2 пайызға, құс етіне - 5,7 пайызға жоғары болды.

Астана. 1-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2012 жылдың қаңтар айында азық-түлік бағасы 6,5 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылғы қаңтарда 2011 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға жармаға 20,8 пайызға, кондитерлік өнімдерге - 8,3 пайызға, сүт өнімдеріне - 7,6 пайызға, тоқаш пен ұн өнімдеріне - 6,7 пайызға, макарон өнімдеріне - 6 пайызға, кофе, шай және какаоға - 5,5 пайызға, алкогольді ішімдіктерге - 4,9 пайызға, май және тоң майға - 4,8 пайызға, нанға - 2,5 пайызға, ұнға - 1,9 пайызға өскен. Бағаның төмендеуі қантқа 16,4%, жемістер мен көкөністерге - 12,3%-ға байқалды.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 20,5 пайызды құрады. Сиыр етіне баға деңгейі 30,4 пайызға, қой етіне - 27,9 пайызға, жылқы етіне - 20,5 пайызға, шошқа етіне - 12,4 пайызға, шұжық өнімдеріне - 11,2 пайызға, құс етіне - 5,7 пайызға жоғары болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны