05.03.2013, 12:48 3277

Қазақстанда 2012 жылдың қортындысы бойынша адам басына шаққанда ЖІӨ 12 мыңнан астам АҚШ долларын құрады

"Халықтың кірісінің жоғарлағаны ЖІӨ-нің адам басына шаққанда жоспарланған параметрін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жыл қорытындысы бойынша бұл жоспарланған 11,8 мың АҚШ долларынан 12 мыңнан астам АҚШ долларын құрады", - деді Е.Досаев.

Астана. 5-наурыз. Kazakhstan Today - 2012 жылдың қортындысы бойынша адам басына шаққанда ЖІӨ 12 мыңнан астам АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ҚР Үкіметі отырысында мәлім етті.

"Халықтың кірісінің жоғарлағаны ЖІӨ-нің адам басына шаққанда жоспарланған параметрін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жыл қорытындысы бойынша бұл жоспарланған 11,8 мың АҚШ долларынан 12 мыңнан астам АҚШ долларын құрады", - деді Е.Досаев.

Министрдің айтуынша, 2018 жылға қарай ЖІӨ адам басына шаққанда 20 мың АҚШ доллары деңгейіне жетуі мүмкін.

"Ортамерзімді кезеңдегі болжам туралы айтатын болсақ, 2013-2017 жылдары экономиканың нақты өсуі жылына 6-7,6%-ға болжамдалуда, бұл 2018 жылға жалпы ішкі өнімнің адам басына шаққанда 20 мыңнан астам АҚШ долларға өсуін қамтамасыз етеді", - деп толықтырды ол.

Жалпы алғанда, базалық сценарий бойынша экономиканың жоспарланған өсу қарқынына жету Мемлекет басшысының ортамерзімді кезеңде 7% жылдық орташа өсу қарқынын қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ол Экономика министрлігінің болжамынша, Қашаған кен орнын пайдалануға байланысты мұнай өндіру көлемі 2013 жылы 82,0 млн. тоннадан 2017 жылы 102,0 млн. тоннаға дейін артатынын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Үкіметі отырысында "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясының 2017 жылға дейінгі сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру мәселелері талқыланған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны