19.10.2012, 11:46 3444

Қазақстанда 2012 жылғы қаңтар-қыркүйектегі бөлшек сауда көлемі 12,8 пайызға өскен

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 12,8%-ға жоғарылап 3 012,7 млрд.теңгеге жетті.

Алматы. 19-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2012 жылғы қаңтар-қыркүйектегі бөлшек сауда көлемі 12,8 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 12,8%-ға жоғарылап 3 012,7 млрд.теңгеге жетті.

2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 1 533,9 млрд.теңгені құрады немесе 10,8%-ға артық.

2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте базарлармен және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,1%-ға жоғарылады, аталған өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 49,1%-ды құрады.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлеміне 63,6%). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға, азық-түлік тауарлар - 14,8%-ға ұлғайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны