11.07.2013, 17:09 5968

Қазақстанда 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8,7 млрд теңгеден асты

Еліміздің экономикасындағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында 8737,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов апта сайын өтетін баспасөз мәслихатында.

Астана. 11-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8,7 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Еліміздің экономикасындағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында 8737,5 млрд теңгені құрады,

деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов апта сайын өтетін баспасөз мәслихатында.

"2013 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 8737,5 млрд. теңгені құрды, бұл 2012 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 1,8% артық", - деді И.Смайылов.

Статистика агенттігінің төрағасы атап өткендей, кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 2,2%, өңдеу өнеркәсібінде шамамен 2 %-ға артқан.

Сонымен қатар, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 0,5% артты. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс шамамен 12 %-ға төмендеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны