31.08.2012, 09:53 7192

Қазақстанда 2013 жылға 50 мың тонна тұқым әзірлеу жоспарлануда

Құрғақ ауа райының салдарларын жою мақсатында, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2013 жылғы егістікке арнап дихандар үшін 50 мың тонна тұқым әзірлеуді жүзеге асырады, деп хабарлады Pm.kz сайтына министрліктің баспасөз қызметі.

Астана. 31-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2013 жылға 50 мың тонна тұқым әзірлеу жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Құрғақ ауа райының салдарларын жою мақсатында, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2013 жылғы егістікке арнап дихандар үшін 50 мың тонна тұқым әзірлеуді жүзеге асырады, деп хабарлады Pm.kz сайтына министрліктің баспасөз қызметі.

"Дихандарды 2013 жылға арнап тұқыммен қамтамасыз ету үшін 50 мың тонна тұқым дайындалады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Сонымен қатар, құрғақшылықтың салдарын жеңілдету, өңірлерді азықтық астықпен және мал шаруашылығын жем-шөппен қамтамасыз ету үшін және ұн мен нан бағасының көтерілуіне жол бермеу үшін арнайы шаралар кешені іске асырылуда. "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ өңірлердегі нан мен ұн бағасын тұрақтандыру үшін бекітілген бағасы тоннасына 28 мың теңге болатын бидайды сатуда.

Икімдіктер анықтаған мал шаруашылығы кәсіпорындары ұн тартудан қалған кебекпен жабдықталатын болады. Құрғақшылықтан зардап шеккен шаруалардың қарыздарының мерзімі ұзартылып, жем-шөп дайындауға қосымша дизотын бөлінеді.

ҚР АУМ мәліметтеріне қарағанда, 3,8 млн га егістік, немесе 23,7% - жақсы жағдайда, 9,7 млн га немесе 60,2% - қанағаттанарлық, ал, 2,2 млн га немесе 13,4% нашар жағдайда. 0,4 млн га немесе 2,7% жердің өнімін есептен шығарып тастауға тура келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны