04.03.2008, 15:37 3428

Қазақстанда 2013 жылы энергетика мамандарына деген сұраныс бір мың адамнан асады

Қазақстанда 2013 жылы энергетика мамандарына деген сұраныс бір мың адамнан асады

Астана. 4 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2013 жылы энергетика мамандарына деген сұраныс бір мың адамнан асады, деп мәлімдеді "Самұрық" холдингі басқармаларының төрағасы Қанат Бозымбаев.

"Холдинг құрамына енетін тек электр қуатын өндіруші компанияларда 2008 жылы энергетик-мамандарға деген сұраныс 214 адамды, ал 2012 - 2013 жылдары 1038 адамға дейін жетеді, соның ішінде Балхаш ЖЭС (1-ші кезегі үшін) - 640 маман, Екібастұз 2-ші ГРЭС үшін - 298 маман қажет", - деді Қ. Бозымбаев Астанада өткен үкіметтің отырысында сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ, "осы талқыланып отырған электр станцияларының құрылысына жұмыс ең қызатын кезеңде 8 мыңға дейін адам жұмылдырылады", деді ол.

"Сөйтіп, жаңа қуат көздерін салу мен одан әрі пайдалану жұмыс орындарын құру және халықты жүйе құрушы жаңа электр станцияларының маңайында шоғырландыру жағынан алғанда айрықша үлкен әлеуметтік маңызға ие болмақ", -деді Қ. Бозымбаев.

Бұл мәселені шешу үшін, оның пайымдауынша, "алдағы оқу жылында электр энергетикасы саласындағы мамандықтар бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуға бөлінетін мемлекеттік гранттар мен "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелдерде, бірінші кезекте Ресей Федерациясы, ҚХР, Германия мен Францияда білім алатын балалардың санын біршама арттыру қажет".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны