10.01.2014, 18:15 4624

Қазақстанда 2014 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегі анықталды

Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету өлшемдерін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы бойынша 2014 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталсын, делінген бұйрықта.

Алматы. 10 қаңтар. Kazakhstan today. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 675-ө-м бұйрығымен 2014 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегі анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету өлшемдерін белгілеу мақсатында бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасы бойынша 2014 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "2013 жылғы 4 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы" 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 462-Ө-М бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 8772 тіркелген және 2013 жылғы 9 қазандағы "Казахстанская правда" № 291 (27565), 2013 жылғы 12 қазандағы "Егемен Қазақстан" № 232 (28171) газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.

3. Илеуметтік көмек департаменті (А.О. Табергенова) осы бұйрықтың:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Иділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;

2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С. Қ. Жақыповаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшiне енедi және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады",- делінген мәтінде.

Министр Т. Дүйсенова қол қойған бұйрық Қазақстан Республикасының Иділет министрлігінде 2013 жылғы 30 желтоқсанда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9041 болып енгізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны