17.02.2015, 17:42 4221

Қазақстанда 2014 жылы ЖІӨ өсімі 4,3% құрады

ҚР Ұлттық экономика министрлігі 2014 жылғы қызметті қорытындылап, алдағы уақытқа жұмыс жоспарын түзді

Астана. 17 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық экономика министрлігі 2014 жылғы қызметті қорытындылап, алдағы уақытқа жұмыс жоспарын түзді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Министрліктіӊ 2014 жылы басты міндеті Елбасыныӊ берген тапсырмаларын орындау болатын, оныӊ ішінде мемлекетіміздіӊ әлеуметтік экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуде бар, деп ведомстводан хабарлады, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Экономика өсіміне қолдау көрсету үшін 2014 жылға арналған алдыӊғы қатардағы әлеуметтік-экономикалық шаралардыӊ жол картасы жасақталды және ол жүзеге асырылды", - деп атап өтті ұлттық экономика министрі Е.Досаев.

Қабылданған шаралар аясында 2014 жылы елімізде макроэкономикалық пен қаржылық тұрақтылық қамтамасыз етілді. Бағалау бойынша 2014 жылы ЖІӨ өсімі 4,3% құрады. Өндірістік өсім 0,3%, ауыл шаруашылғыныӊ өсімі 0,8% көрсетті. Негізгі капиталға инвестиция 3,9%-ға арты. Жұмыссыздық деӊгейі 5,0%, инфляция - 7,4% құрады. Орташа айлық жалақы 120,5 мыӊ теӊгені құрап, 3,9%-ға артты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны