06.05.2015, 23:06 4772

Қазақстанда 2015 жылы 30 мыӊға дейін автокөлік шығарылуы мүмкін

Оптимистік сценарий бойынша Қазақстанда автокөлік өндірісі 2015 жылы 30 мыӊ бірлікке жетуі мүмкін, деп мәлімдеді бүгін ҚР инвестициялар және дамудыӊ бірінші вице-министрі Альберт Рау ОКҚ брифингінде

Астана. 06 Мамыр. Kazakhstan Today - Оптимистік сценарий бойынша Қазақстанда автокөлік өндірісі 2015 жылы 30 мыӊ бірлікке жетуі мүмкін, деп мәлімдеді бүгін ҚР инвестициялар және дамудыӊ бірінші вице-министрі Альберт Рау ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біздіӊ ойымызша, оптимистік сценарий - бұл 30 мыӊ автокөлік, оны 2015 жылы шығара аламыз. Ал, пессимистік - бұл шамамен 20 мыӊ бірлік", - деді А.Рау, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Ол Өскеменде, бәлкім Қостанайда да автоөнеркәсіп инфрақұрылымын құруға мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылай қолдау жоспарланғанын айтты.

"Бүгінгі таӊда автоөнеркәсіпті дамытуға бюджет қаражаты көп жұмсалмаса да, қол жеткізілген қарқындар әсерлі. Қазіргі таӊда біз автокөлікті дәнекерлеу бойынша да, сырлау бойынша да қуаттылыққа иеміз - шамамен 80 мыӊ бірлік, ал құрастыру бойынша - 60 мыӊға дейін бірлік", - деп атап өтті бірінші вице-министр.

Оған қоса, А.Рау қазақстандық автоөнеркәсіпке биыл Ресейден келген арзан автокөліктер ағынынан туындаған өткізу нарығындағы шығынды толықтыруға тура келетінін баса айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны