31.03.2015, 11:51 7277

Қазақстанда 2015 жылы көктемгі дала жұмыстарына 60 миллиард теӊге бөлінеді

2015 жылы көктемгі дала жұмыстарына 60 миллион теӊге көлемінде бюджеттік несие бөлінеді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - 2015 жылы көктемгі дала жұмыстарына 60 миллион теӊге көлемінде бюджеттік несие бөлінеді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Биылғы жылы көктемгі дала жұмыстарына 60 миллион теӊге көлемінде бюджеттік несие бөлінгелі отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 20 миллиард теӊгеге көп. Жалпы сомасы 34,8 миллиард теӊгені құрайтын аталмыш несие екінші деӊгейлі банктер мен "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамыныӊ операторлары арасында займ ретінде бөлінген. Оныӊ ішінде 17,6 миллиард теӊге "Азық түлік корпорациясыныӊ", 7,5 миллиард теӊге "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамыныӊ үлесінде",-деді С.Омаров, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Бұл ретте ол "Азық-түлік корпорациясы" акционерлік қоғамы көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруды жылдағыдай әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясыныӊ кепілдігі негізінде жүзеге асыратындығын атап өтті.

"Азық-түлік корпорациясы" акционерлік қоғамына қосымша 3,5 миллиард теӊге көлемінде бюджет қаржысы бөлініп, өз кезегінде аталмыш қаржы да мемлекеттік ресурстар есебінен дән сатып алу бағдарламасы бойынша көктемгі және жазғы дала жұмыстарына жұмсалатын болады".-деді министрдіӊ орынбасары.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны