15.03.2011, 17:11 4781

Қазақстанда 2015 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 95 млн тоннаны құрайды

Қазақстанда 2015 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 95 млн тоннаны құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 15 - наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2015 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 95 млн тоннаны құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Үкіметтің 2011 жылғы 14 ақпандағы №134 қаулысымен Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілген. Қаулы қол қойылғаннан күннен бастап күшіне енді және оның толық мәтіні ресми баспасөз беттерінде жариялануға жатады.

Қазақстандық мұнай экспортының көлемін 2015 жылға 84 миллион тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда, деп көрсетілген дүйсенбіде ресми басылымдарда жарияланған Қазақстанның мұай және газ министрлігінің стратегиялық жоспарында.

?

Мұнай және газ министрлігінің стратегиялық жоспарына сәйкес, 2010 жылы Қазақстан сыртқы нарыққа шамамен 71 миллион тонна мұнай жеткізді. Үстіміздегі жылы 72 миллион тоннаға дейін экспортқа шығару жоспарлануда. 2012-2013 жылдары экспортқа 74 миллион тонна шығару жоспарлануда.

"Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін дамыту мемлекеттік саясаттың бірден-бір негізгі бағыты болып табылады. Жаңа экспорттық жүйе құру және қазіргісін кеңейту жұмысы бүгінгі күні өзекті болып отыр", - деп көрсетілген стратегиялық жоспарда.

"Мұнай мен газ конденсатын теңгерімді өндіру кезінде мұнай құбырларын кенейту жобаларын ескере отырып, экспорт мынадай негізгі КТК және Қазақстан-Қытай бағыттары бойынша ұлғайтылатын болады",- деп атап көрсетілген.

Министрліктің болжамы бойынша Қазақстан 2015 жылға мұнай өндіру көлемін 95 миллион тоннаға дейін жеткізеді. Үстіміздегі жылы 81 миллион тонна өндіру жоспарлануда.

"Мұнай өндіру көлемінің баланстық өсуін 2015 жылы 18,5 млн. тоннаға қамтамасыз ету (2009 жылға 124,2 %)", - деп көрсетілген құжатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны