04.12.2015, 13:02 4348

Қазақстанда 2017 жылдан бастап бағаны реттеуден бас тартады - ҚР ҰЭМ

Қазақстанда 2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап бағалық реттеу болмайды, деп мәлімдеді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетініӊ төрағасы Серік Жұманғарин

Астана. 4 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап бағалық реттеу болмайды, деп мәлімдеді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетініӊ төрағасы Серік Жұманғарин, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Комитет Елбасыныӊ бірқатар тапсырмаларын орындауда. Ұлт жоспары қарастырған қадамдардыӊ бірі монополияға қарсы қызмет жұмысыныӊ тұжырымдамасыныӊ өзгеруі болып табылады. Оныӊ ЭЫДҰ стандартына сай өткізілуі де қарастырылған. Аталмыш жұмысты екі кезеӊге бөлеміз", - деді ол ОҚК брифингінде, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Атап айтқанда, С.Жұманғаринніӊ айтуынша, аталған жұмыс аясында бірқатар негізгі өзгертулер қарастырылған.

"Кодекс 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап доминанттар реестрін тек жоғары реттеу нарықтарына ғана енгізуді қарастырып отыр. 2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан батсап реестр мүлдем алынып тасталады", - деді ол.

Оныӊ айтуынша, жұмыстыӊ соӊғы кезеӊі 2016 жылдыӊ бірінші жартысында жүзеге асырылады. Бүгінгі таӊда комитет жаӊа заӊ жобасыныӊ тұжырымдамасын әзірлеуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны