20.02.2017, 19:24 4932

Қазақстанда 2017 жылы алдыӊғы қатарлы сандық технологияны енгізу үшін 7-10 пилоттық кәсіпорын іріктелетін болады

Министрлік алғашқыда шоғырландыруға болатын 3-4 өнеркәсіп секторын анықтауды жоспарлап отыр. Ир секторға ынталандыру жөніндегі нақты қолдау іс-шараларыныӊ жиынтығы және міндетті түрде әзірлеу керек стандарттар тізімі белгілмек.

Астана. 20 ақпан. Kazakhstan Today - Индустрия 4.0 технологиясыныӊ Қазақстан үшін қосымша мүмкіндіктер әкелетінін көреміз. Осыныӊ арқасында шағын ішкі нарық, теӊіз сауда жолдарыныӊ қашықтығынан шыға алмау, білікті жұмыс күшініӊ тапшылығы сияқты объективті факторлардыӊ әсерін төмендете аламыз. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеӊіс Қасымбек министрліктіӊ алқа мәжілісінде мәлімдеді,- деп хабарлайды мекеменіӊ баспасөз қызметі.

Индустрия 4.0 технологиясыныӊ элементтерін белсенді түрде енгізу мақсатында министрлік биылға және келесі жылға қадамды жоспар әзірледі.

Министрдіӊ айтуынша, Қазақстан жағдайында Индустрия 4.0 технологиясыныӊ мәні мен маӊызын қалыптастыру мәселесі тұр. Бұл үшін биыл халықаралық тәжірибеге сәйкес ағымдағы жағдайға толыққанды сараптама жасалады және Индустрия 4.0. технологиясыныӊ элементтерін өнеркәсіпке енгізу дайындығы пысықталады. Бұл жұмыс жоғары білікті шетелдік серіктестермен бірлесе жасалатын болады.

Министрлік алғашқыда шоғырландыруға болатын 3-4 өнеркәсіп секторын анықтауды жоспарлап отыр. Ир секторға ынталандыру жөніндегі нақты қолдау іс-шараларыныӊ жиынтығы және міндетті түрде әзірлеу керек стандарттар тізімі белгілмек.

"Биыл сараптама қорытындысы бойынша демонстрациялық тиімділікке қол жеткізу мақсатында алдыӊғы қатарлы сандық технологияны енгізу үшін 7-10 пилоттық кәсіпорын іріктелетін болады. Бір сөзбен айтқанда, аталмыш кәсіпорындар басқа кәсіпорындар үшін "модельді сандық фабрика" үлгісі рөлін атқарады. Пилоттық жобалар жөніндегі жұмыстар 2018 жылы да жалғасады",-деп атап өтті министр Жеӊіс Қасымбек.

Сонымен қатар, сандық технологияны енгізу бойынша жүйеқұраушы кәсіпорындармен де жұмыс күшейтілмек. Бүгінніӊ өзінде бірқатар компаниялар жаӊа сандық шешімдерді енгізуге қызығушылық танытып, іске кірісіп те кетті. Бұл жердегі босатылған жұмыс күші мен еӊбек нарығындағы өзгерістерді болжау есебінен сандық технология негізінде модернизациялау жоспарын әзірлеу мен жүзеге асыруда министрлік негізгі міндетті атқарады.

Барлық көрсетілген шаралар 2017 жылдыӊ желтоқсанында қабылдануы жоспарланған 2025 жылға дейінгі базалық секторларды технологиялық модернизациялау жөніндегі кешенді жоспарға бекітілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны