11.06.2018, 16:38 5726

Қазақстанда 2025 жылға қарай аз қамтылған азаматтардыӊ табысыныӊ деӊгейін көтеру көзделуде

Қазақстандағы халықтыӊ 40%-ы - "аз қамтылғандар". Олардыӊ табысы 2025 жылға қарай 22,8%-дан 27%-ға дейін арттырылады. Қазақстан Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеӊесініӊ 31-отырысында мәлімдеді.

Астана. 11 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2025 жылға қарай аз қамтылған азаматтардыӊ табысыныӊ деӊгейін көтеру көзделуде.

Қазақстандағы халықтыӊ 40%-ы - "аз қамтылғандар". Олардыӊ табысы 2025 жылға қарай 22,8%-дан 27%-ға дейін арттырылады. Қазақстан Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеӊесініӊ 31-отырысында мәлімдеді.

Қазақстанныӊ 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарыныӊ аясындағы елдегі жоспарлардыӊ қатарында халықтыӊ жан басына шаққандағы ЖІӨ өсімін 46,1 мыӊ АҚШ долл. дейін, еӊбек өнімділігін жылына орташа есеппен 4,7%-ға жеткізу міндеті тұр.

"Сіздіӊ біздіӊ алдымызға қойып отырған елдіӊ әлеуетін көтеру міндеті халықтыӊ өмір сүру сапасыныӊ артуымен қатар жүруі қажеттігін жақсы түсінеміз", - деді Т.Сүлейменов Мемлекет басшысына қарата.

Бұл үшін, Қазақстан ҰЭМ басшысыныӊ айтуынша, халықтыӊ өмір сүру жасыныӊ ұзақтығын 72 жастан 75-ке дейін көтеру, аз қамтылған 40% халықтыӊ табысын жалпы табыс көлемініӊ 22,8%-ынан 27%-ға дейін арттыру, орта білім беру сапасын PISA тестін (Оқушылардыӊ білімдегі жетістігін бағалаудыӊ халықаралық бағдарламасы) қолдану арқылы жақсарту қажет.

"Қойылған міндеттерге қол жеткізудіӊ негізі 2050 Стратегиясын жүзеге асырудағы 7 жүйелік өзгерістер мен 7 басым саясаттыӊ үйлесімділігі", - деді министр.

Мәселен, стратегияны жүзеге асыру саясатыныӊ бірі "Жоғары өмір сүру сапасын қамтамасыз ету саясаты" болып табылады.

"Ол халықтыӊ әлеуметтік және тұрғын үй стандарттарын кезеӊдік жақсартуға бағытталған. Бұл жерде біз сіздіӊ 5 әлеуметтік бастамаӊызды толықтай жүзеге асыруға тиіспіз", - деді Қазақстан ҰЭМ басшысы.

Министр сондай-ақ еліміздіӊ алдында жеті жүйелік өзгерістердіӊ аясында барлық кадр даярлау жүйесін қайта бағдарлау мәселесін шешу; технологиялық жаӊартуды іске асыру; жеке саланы жандандыру; әлем елдерімен ынтымақтастықта қолайлы сауда режимін қалыптастыру; сыбайлас жемқорлықты жою; өӊірлердіӊ экономикалық дербестігін арттырудыӊ есебінен дамыту және т.б. міндеттер тұрғандығын еске салды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны