05.12.2011, 14:28 3101

Қазақстанда 2030 жылға дейінгі инновациялық дамуының бағдары әзірленіп жатыр

Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында "Инновациялық Қазақстан - 20 жыл тәуелсіз жолдан кейінгі болашаққа көзқарас" инновациялық форумы барысында Үкімет басшысының орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев мәлім етті.

Астана. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2030 жылға дейінгі инновациялық дамуының бағдары әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында "Инновациялық Қазақстан - 20 жыл тәуелсіз жолдан кейінгі болашаққа көзқарас" инновациялық форумы барысында Үкімет басшысының орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев мәлім етті.

"Елбасының тапсырмасымен Үкімет "2030 жылға дейінгі инновациялық дамудың" жоспары әзірленіп жатыр. Алдағы жылы ол инноваторлардың жалпы қоғамының қарауына ұсынылатын болады",-деді Үкімет басшысының орынбасары.

И. Исекешевтің пайымдауынша, бұл тұрғыда осы жоспар Қазақстанның инновациялық дамуына жаңа бағдарды ашуға жол бермек.

Айта кетейік, форум жұмысына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, бизнес және инновациялық ұйымдардың өкілдері мен бұл саладағы шетелдік мамандар қатысып жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны