17.10.2017, 18:05 4721

Қазақстанда 21 миллион тоннадан аса астық жиналды

Қазақстанда 21 миллион тоннадан аса астық жиналды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев астық жинау науқаныныӊ табысты аяқталуына байланысты диқандарды құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Астана. 17 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 21 миллион тоннадан аса астық жиналды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев астық жинау науқаныныӊ табысты аяқталуына байланысты диқандарды құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Елбасыныӊ құттықтау сөзінде былай делінген:

"Құрметті ауыл еӊбеккерлері!

Астық жинау - диқандар үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін айтулы науқанныӊ бірі. Егін ору нәтижелері мемлекеттегі азық-түлік қауіпсіздігі деӊгейін және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты айқындайды. Сіздердіӊ маӊдай терлеріӊіздіӊ арқасында Қазақстан өзініӊ жетекші астық державасы екенін тағы да дәлелдеді.

21 миллион тоннадан аса астық жиналды. Соныӊ үштен екісінен астамы әлемдік стандарттарға сай келетін жоғары сапалы өнімге жатады. Майлы дақылдар егілетін егістік алқабы айтарлықтай көбейді. Жалпы, астық жинау науқаныныӊ қорытындысы еліміздіӊ агроөнеркәсіп кешенініӊ әлеуеті зор екенін көрсетіп отыр.

Бүгінде мемлекет ауыл шаруашылығы саласын жүйелі түрде жетілдіруге және әртараптандыруға бағытталған саясат жүргізуде. Оны әрі қарай ілгерілетудіӊ маӊызды шарты - қайта өӊделген өнім шығаруға көшу. Қазақстан әлемдегі экспорттық ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын ірі елдіӊ бірі болуға тиіс.

Біз халқымыздыӊ әл-ауқатын жақсарту жолындағы ауыл еӊбеккерлерініӊ еӊбегін жоғары бағалаймыз. Сіздерді егін ору науқаныныӊ табысты аяқталуымен құттықтаймын! Баршаӊызға зор денсаулық және Отанымызды одан әрі өркендету жолында толағай табыс тілеймін!",- деді президент өз сөзінде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны