07.10.2011, 13:30 3749

Қазақстанда 24 млн тонна астық бастырылды

Биылғы жылы 16,2 млн. гектар алқапта астық өнімдері жиналуы тиіс, оның 13,8 млн. гектары бидай. 6 қазандағы жағдай бойынша дәнді дақылдардың 90% жиналып, бункерлік салмақта астықтың 24 млн. тоннасы бастырылды, орташа шығымдылық центнеріне 16,5 гектардан (2010 жыл деңгейінен 7/7 ц/га көп) айналып отыр.

Астана. 7-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 24 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, биылғы жылы 16,2 млн. гектар алқапта астық өнімдері жиналуы тиіс, оның 13,8 млн. гектары бидай. 6 қазандағы жағдай бойынша дәнді дақылдардың 90% жиналып, бункерлік салмақта астықтың 24 млн. тоннасы бастырылды, орташа шығымдылық центнеріне 16,5 гектардан (2010 жыл деңгейінен 7/7 ц/га көп) айналып отыр.

ҚР АШМ баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, ауа-райына байланысты ағымдағы жылы дәнді дақылдардың пісіп жетілуі тежеліп, егін ору науқаны жоғары ылғалды жағдайды жүріп жатыр. Ал күтілетін егін шығымы былтырғы жылдың деңгейінен шамамен 1,5 есеге көп. Сондықтан, солтүстіктегі 3 облысқа арзан бағамен қосымша 40 мың тонна дизель отыны бөлінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны