25.10.2016, 18:03 3674

Қазақстанда 25 қазандағы жағдай бойынша 23 млн. 608,4 мыӊ тонна астық жиналды

Еліміздіӊ аграрлық саласыныӊ өсімдік шаруашылығында дәнді дақылдар бойынша астық жинаудыӊ рекордтық көрсеткіштеріне қол жеткізілді. Мысалы, 25 қазандағы жағдай бойынша 23 млн. 608,4 мыӊ тонна астық жиналды. Бұл көрсеткіштер алдыӊғы жылмен салыстырғанда 3 млн. 892 мыӊ тоннаға артық.

Астана. 25 қазан. KazakhstanToday - Бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) дамытудыӊ 9 айлық қорытындыларын баяндады, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

"Жалпы, ағымдағы жылдыӊ 9 айыныӊ қорытындылары экономиканыӊ аграрлық саласында оӊ даму қарқыныныӊ сақталып отырғанын көрсетіп отыр. Мәселен, 2016 жылдыӊ 9 айында ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ жалпы көлемі өткен жылғы осындай кезеӊдегі деӊгеймен салыстырғанда 4,9%.-ға артты. Аталған өсім өсімдік шаруашылығы өнімі құныныӊ 7%-ға және мал шаруашылығы өнімі құныныӊ 2,5% өсуімен қамтамасыз етілген", - деп атап өтті Қ.Айтуғанов.

2016 жылдыӊ қаӊтар-қыркүйек айларындағы ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ жалпы шығарылымы республика бойынша 2501,0 млрд. теӊгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылғы осы кезеӊніӊ деӊгейімен салыстырғанда 4,9%-ға артып отыр.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерініӊ жалпы шығарылымы 1 316,5 млрд. теӊгені құрады.

Үстіміздегі жылдыӊ 9 айлық қорытындысы бойынша АӨК белгілі жетістіктерге жетті. Еліміздіӊ аграрлық саласыныӊ өсімдік шаруашылығында дәнді дақылдар бойынша астық жинаудыӊ рекордтық көрсеткіштеріне қол жеткізілді. Мысалы, 25 қазандағы жағдай бойынша 23 млн. 608,4 мыӊ тонна астық жиналды. Бұл көрсеткіштер алдыӊғы жылмен салыстырғанда 3 млн. 892 мыӊ тоннаға артық.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілері ауыл шаруашылығы дәнді дақылдарыныӊ өнімділігін арттыруға өз үлесін қосты. Егер өткен жылы астықтыӊ жалпы түсімділігі 13,4 ц/га құраса, осы жылғы түсімділік гектарына 15 центнерді құрады (15,4 ц/га).

ҚР Үкімет отырысы барысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов азық-түлік өнімдерін өндіру саласында оӊды өсімніӊ барлығын атады.

Өз кезегінде, табиғи азық-түлік өнімдерініӊ келесі түрлері бойынша өсім байқалып отыр: жарма - 44,7%, қант - 61,6%, ұн - 14,7%, өсімдік майы -13,5%, кілегей - 10,5%, шұжық өнімдері - 9,5%, қышқыл сүт өнімдері - 5,9%", - деді Қ.Айтуғанов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны