06.09.2016, 15:47 3906

Қазақстанда 25 жыл ішінде ШОБ субьектілерініӊ саны 1,2 млн-ға жетті

Қазақстанда 25 жыл ішінде ШОБ субьектілерініӊ саны 1,2 млн-ға өсті, деді ОКҚ брифингінде "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Нұржан Илтаев.

Астана. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда 25 жыл ішінде ШОБ субьектілерініӊ саны 1,2 млн-ға өсті, деді ОКҚ брифингінде "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Нұржан Илтаев.

"Қазақстан Тәуелсіздік жылдары кәсіпкерлікті дамыту саласында үлкен жетістікке жетті, кеӊестік кезеӊде кәсіпкерлік біздіӊ елде класс ретінде болмаған болатын. Кәсіпкерлікпен айналысу қылмыспен теӊ болды. Біз 25 жыл ішінде кәіпкерлікті айтарлықтай көтердік", - деді Н.Илтаев.

Оныӊ айтуынша, Қазақстанда кәсіпкерлік саласында бизнес -класс пайда болды.

"Ауыл шаруашылығындағы өнімніӊ дәстүрлі түрлері бойынша экспортқа басымдық берген жөн. Ішкі сұранысқа құрылған импорт алмасу аз пайда әкеледі. Жалпы, ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ негізгі түрлерін өндіру көлемін арттыру қажет. Аталған тауарларды саудалаудан түсетін ортақ экспорттық табыс 2 есеге өседі (1,8 трлн теӊге). Бұл дегеніӊіз, барлық Қытай агроөнімдері импортыныӊ 6,3 пайызы немесе Ресей импорты құныныӊ 7,4 пайызы. Осылайша, біз ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытайға және Ресейге жеткізетін 10 экспорттаушы елдіӊ қатарына кіре аламыз", - дейді Нұржан Илтаев.

Егер 2006 жылы ШОБ-тыӊ ІЖӨ-дегі үлесі 10 пайыздан аспаса, нақты айтқанда 9,8 пайызы болса, бүгінгі күні, яғни 2015 жылдыӊ қорытындысында 25,6 пайызға жетті. Осыдан 4-5 жыл бұрын Елбасы 2050 жылға дейін ШОБ-тыӊ ІЖӨ-дегі үлесін 50 пайызға жеткізуіміз керектігін айтқан болатын. Сол кезде ол өте қиын шаруа көрінген еді. Ал бүгінде оныӊ қолдан келетіндігі айқындала түсуде", - деді Н.Илтаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны