04.01.2012, 13:04 4398

Қазақстанда 288 индустриялық жоба іске қосылды

ҚР Үкіметінің экономикалық саясаттағы басты бағыты индустриялық жобаларды жаңғырту мен салу арқылы шикізаттан жоғары технологиялы инновациялық үлгіге өтуді жүзеге асыруға бағытталған Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады.

Астана. 4-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда 288 индустриялық жоба іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ҚР Үкіметінің экономикалық саясаттағы басты бағыты индустриялық жобаларды жаңғырту мен салу арқылы шикізаттан жоғары технологиялы инновациялық үлгіге өтуді жүзеге асыруға бағытталған Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады. Бұл туралы pm.kz сайтында хабарланған.

"Индустрияландыру бағдарламасының арқасында соңғы екі жылдың өзінде-ақ 350-ден астам әртүрлі өндіріс пайдалануға берілді. Сол арқылы біз 200 мың білікті индустриялық жұмыс орындарын аштық, ол жерлерде халық бұрынғыдан қарағанда әлдеқайда жоғары табыс табады", - деп мәлім етті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиында.

Белгілі болып отырғандай, мемлекет алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуге, заманауи импорт орнын басатын өндірістерді құру үшін олардың экспортын дамыту перспективасы арқылы шетелдік инвесторларды тартуға бағытталған қазақстандық шағын және орта кәсіпкерліктердің бастамаларына қолдау білдіреді.

"Біз Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін 1,6 трлн. теңгеден астам қаражат бөлудеміз", - деп мәлім етті Премьер-Министр Кәрім Мәсімов "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясының отырысында сөз ала отырып.

Еңбек өнімділігін арттыру, индустрияны дамыту мен әлемнің инновациялық экномикаларының қатарына қосылу - индустриялық-инновациялық дамудың негізгі міндеті болып табылатынын айта кету керек. Қазақстанның Индустрияландыру картасындағы барлық нысандар елдің маңызды ресурстарының болжамды баланстары мен жалпыұлттық инфрақұрылымды дамытудың болашағы бар жоспарлары негізінде дайындалған.

Бүгінгі таңда Индустрияландыру картасына жалпы құны 9,6 трлн. теңге болатын 609 жоба енгізілген, жобалар жүзеге асырылған кезде 205 мың жұмыс орнын, ал жобалар пайдалануға берілген соң 179 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған, оның ішінде Республикалық картаға жалпы құны 8,6 трлн. теңге болатын 142 жоба, аймақтық Картаға жалпы құны 1 трлн. теңге болатын 467 жоба қосылған.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметінше, 2011 жылдың 11 айында жалпы құны 970 млрд. теңге болатын 288 жоба пайдалануға берілген, соның ішінде жыл басынан бері жалпы құны 170 млрд. теңге болатын 136 жоба іске қосылды. 30 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.

Айта кетсек, аталмыш жобаларды жүзеге асыру арқылы жалпы сомасы 332 млрд. теңгенің тауары мен қызметі жасалған. Өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі іске қосылған Карта жобаларының үлесі 2,7 пайызды, соның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте 4 пайызды құрап отыр.

Қазіргі таңда Шарын өзеніндегі Мойнақ СЭС, "Жетіген-Қорғас" теміржол желісінің құрылысы, "Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара" жаңа теміржол желісінің құрылысы сынды ірі жобаларды қоса алғанда, 101 жоба іске асырылу үстінде.

Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаның жүзеге асырылу қорытындысы - енгізілген өндірістердің жобалық қуаттылыққа шығуы ел экономикасына, азаматтардың әлеуметтік жағдайына айтарлықтай әсер етеді деп айтуға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны