19.10.2011, 15:47 3621

Қазақстанда 28 млн тоннаға жуық астық жиналды

Облыстық ауылшаруашылық басқармасының 2011 жылдың 19-қазаны күні берген мәліметтеріне сүйенсек, жинауға тиіс (15,9 млн. гектар) егіс алқабының 98,6 пайызы жиналған, 27,9 млн. тонна бастырылып, орташа шығымдылық центнеріне 17,6 гектарды құраған (2010 жылмен (8,9 ц/га) салыстырғанда 8,7 ц/га артық).

Астана. 19-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 28 млн тоннаға жуық астық жиналды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Облыстық ауылшаруашылық басқармасының 2011 жылдың 19-қазаны күні берген мәліметтеріне сүйенсек, жинауға тиіс (15,9 млн. гектар) егіс алқабының 98,6 пайызы жиналған, 27,9 млн. тонна бастырылып, орташа шығымдылық центнеріне 17,6 гектарды құраған (2010 жылмен (8,9 ц/га) салыстырғанда 8,7 ц/га артық).

Дәнді дақылдарды жинау науқаны Павлодар (100 пайызы 8,6 ц/га шығымдылықпен) және Шығыс-Қазақстан (100 пайызы 12,0 ц/га шығымдылықпен) облыстарында аяқталған.

Бидай және арпа толығымен Жамбыл (98,1 пайызы жиналып, шығымдылық 17,3 ц/га құраған) және Оңтүстік-Қазақстан (98,7 пайызы жиналып, шығымдылық 15,8 ц/га құраған) облыстарында жиналды. Осы облыстарда дәнді жүгерінің жиын-терін науқаны жалғасуда.

Батыс-Қазақстан (93,0 пайызы жиналып, шығымдылық 10,2 ц/га құраған), Алматы (97,4 пайызы жиналып, шығымдылық 23,6 ц/га құраған), Қарағанды (98,2 пайызы жиналып, шығымдылық 10,5 ц/га), Солтүстік-Қазақстан (98,9 пайызы жиналып, шығымдылық 21,7 ц/га), Қызылорда (96,8 пайызы жиналып, шығымдылық 41,1 ц/га), Ақмола (97,6 пайызы жиналып, шығымдылық 15,6 ц/га), Ақтөбе (98,6 пайызы жиналып, шығымдылық 7,2 ц/га құраған) және Қостанай (99,8 пайызы жиналып, шығымдылық 19,6 ц/га) облыстары бидай және арпа егістіктерін жинауды аяқталғалы отыр.

Сонымен қатар ескерілгендей, 18-19 қазанда республиканың барлық аймақтарында жауған жауын-шашынның салдарынан дәнді дақылдардың күндік жиынның өнімі аз.

2011 жылы ауыл шаруашылық дәнді-дақылдардың егісі 21,2 мың гектарды құраған, дәнді дақылдар 16,2 мың га жерге және оның ішінде бидай 13,8 мың га жерге егілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны