20.02.2013, 12:35 3156

Қазақстанда 2,3 мыңнан астам ШОБ кәсіпорындарына "БЖК-2020" аясында мемлекеттік қолдау көрсетіледі

"2357 қазақстандық компанияға қаржылық мемлекеттік қолдау көрсетіледі және 30 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкерге шетелде машықтанудан өту арқылы оқыту, сервистік қолдау мен қызмет түрінде қаржылық емес мемлекеттік қолдау көрсетіледі",- деді Л.Ибрагимова.

Астана. 20-ақпан. Kazakhstan Today - Республикамызда 2,3 мың шағын және орта бизнес кәсіпорындарына "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша қаржылық қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлім етті.

"2357 қазақстандық компанияға қаржылық мемлекеттік қолдау көрсетіледі және 30 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкерге шетелде машықтанудан өту арқылы оқыту, сервистік қолдау мен қызмет түрінде қаржылық емес мемлекеттік қолдау көрсетіледі",- деді Л.Ибрагимова.

Сонымен қатар, ол кейбір жобаларды атай кетіп, оларды жүзеге асырудың басты шарты ашықтық екенін айтты. Осылайша, несиелендірудің ең аз сомасы Қарағанды облысында - 390 мың теңге, ал қаражаттандырудың ең ірі сомасы Қостанай облысында - 4,5 млрд теңге берілген.

Және де қор басшысы жүзеге асырылған жобалардың әлеуметтік әсерін сан түрінде атап өтті. Л.Ибрагимованың сөзіне қарағанда қаражаттандыруды жүзеге асыру 136 мың жұмыс орнын сақтап қалуға және 34,7 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берген. 2014 жылдың соңына дейін тағы да 8 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны