16.07.2007, 17:36 2904

Қазақстанда 500 млрд теңгенің мүлкі заңдастырылды - Қаржы министрлігі

АСТАНА. 16-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстанда заңдастырылған мүліктің жалпы құны 500 млрд теңге болды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР Қаржы министрлігінің салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"12-шілдеддегі жағдаймен еліміз бойынша заңдастырылған мүліктің жалпы құны 500 млрд теңге немесе 4,1 млрд доллар болды",- деді Н.Рахметов.

Салық комитетінің ақпаратына сәйкес, бұл қаржының 49%-і - 245,6 млрд теңге, немесе $2 млрд. - ақшалай қаражат . Н. Рахметовтың айтуынша, жеке тұлғалар 243,4 млрд теңгені заңдастырды. Заңдастырылған мүліктің ең жоғары көлемі (195,1 млрд теңге) Алматыда, 18,9 млрд теңгесі Астанада, 19,3 млрд теңгесі шетелдерден келген. Сонымен бірге 13,8 млрд теңгенің қнды қағаздары, 4,1 млрд теңгенің шетелдердегі жылжымайтын мүлкі, 4,2 млрд теңгенің көліктері заңдастырылды.

"Салық органдары арқылы 48,2 млрд теңгенің мүлкін заңдастыруға 464 мың өтініш түскен, жалпы республикалық бюджетке түрлі мүлікті заңдастырудан 27,9 млрд теңгенің алымдары жиналды",- деді Н.Рахметов.

Өз кезегінде әділет министрі Зағипа Балиева 12-шілдедегі жағдаймен заңдастырылған жылжымайтын мүліктің жалпы саны 367 мың нысанға жеткенін хабарлады. "Оның ішінде 979 555 тұрғын үй, кеңсе түріндегі 387 602 нысан тіркелді", - деді З. Балиева. Оның айтуынша, заңдастырылған жылжымайтын мүлік нысандарының жалпы құны 209 млрд 414 млн 637 мың теңге, жылжымайтын мүлікті заңдастырғаны үшін жиналған аламдар мөлшері 1 млрд 24 млн 374 мың теңгені құрады.

Селекторлық жиын барысында премьер-министр Кәрім Мәсімов шара аяқталғанға дейін екі апта қалуға байланысты мүдделі мекемелердің жетекшілеріне жекешелендіру мәселелеріне баса назар аударуды тапсырды. "Бұл мәселенің маңызына сәйкес 23 және 30-шілдеде өтетін екі селекторлық жиында заңдастыру қарқыны мен туындаған проблемалар жайында баяндап отырыңыздар",- деді ол.

"Осы мүмкіндікті пайдаланып еліміздің тұрғындарынан өзжерінің заңды мүмкіндіктерін, мүлкін заңды түрде жариялы болдыру мүмкіндігін пайдалануды сұраймын. Екі апта ғана қалды, бұдан кейін ешкімде де мұндай екінші мүмкіндік болмайды",- деді К.Мәсімов.

Мүлікті заңдастыру шарасы 2007-жылдың 1-тамызына дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны