16.06.2014, 19:24 11649

Қазақстанда 5 ай ішінде өңдеу өнеркәсібі 0,1%-ға артты

Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 0,1%, өңдеу өнеркәсібінде 0,1%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 1% артты.

Алматы. 16 маусым. Kazakhstan today. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 0,1%, өңдеу өнеркәсібінде 0,1%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 1% артты, бұл туралы статистика агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2014 жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 7640,3 млрд. теңгені құрды, бұл 2013 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 0,1% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 0,1%, өңдеу өнеркәсібінде 0,1%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 1% артты. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс 2,3% төмендеді.2014 жылғы қаңтар-мамырда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 415,9 млрд. теңгені құрып, 2013 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 3,4% артық.

2014 жылғы қаңтар-мамырдағы "Көлік" саласы бойынша нақты көлем индексі 107,1%-ды құрды.

"Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2014 жылғы қаңтар-мамыр 2013 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 102,8% құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68% құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны