01.11.2012, 17:15 3196

Қазақстанда 9 айда 15 080 тонна уран өндірілді

Өндірілген 15 080 тонна уранның 8 601 тоннасы "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ-ның үлесінде. Бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 8 пайызға артық.

Астана. 1-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда уран өндіру 9 айдың ішінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға ұлғайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Өндірілген 15 080 тонна уранның 8 601 тоннасы "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ-ның үлесінде. Бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 8 пайызға артық.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, шоғырландырылған табыс 203,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға төмендеген. Оған уран жеткізу кезеңінің 4 тоқсанға шегерілуі мен екінші тоқсанындағы спот индикаторының төмендеуі өз әсерін тигізді. Жалпы үшінші тоқсанда таза табыс 25 млрд. теңгені құрады. Ұлттық компанияға қарасты "Үлбі металлургия зауыты" АҚ-да 9 айда өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда бериллий өнімдерін шығару 13 пайызға, тантал өнімдерінің өндірісі 17 пайызға артып отыр. Ал "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-де Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысындағы тұтынушылар үшін 3 401 млн. кВт/сағат электр энергиясы, 2 180 мың ГКал жылу энергиясы шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны