08.11.2011, 10:34 3108

Қазақстанда 9 айда электр қуатын өндіру 4,2 пайызға, тұтыну көлемі 4,6 пайызға өскен

Электроэнергетикалық салада 9 айда еліміздегі өндірілген электр энергиясы 61 млрд. кВтсағатты немесе былтырғы жылғы кезеңмен салыстырғанда 104,2 пайызды құрады.

Астана. 8-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда 9 айда электр қуатын өндіру 4,2 пайызға, тұтыну көлемі 4,6 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Электроэнергетикалық салада 9 айда еліміздегі өндірілген электр энергиясы 61 млрд. кВтсағатты немесе былтырғы жылғы кезеңмен салыстырғанда 104,2 пайызды құрады. Ал электр энергиясын тұтыну - 62,5 млрд. кВт сағатты немесе 2010 жылғы кезеңмен салыстырғанда 104,6 пайызды құрады",- деп айтылған таратылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны