08.11.2011, 10:09 3872

Қазақстанда 9 айда химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі 21,7 пайызға өскен

Ағымдағы жылдың 9 айындағы көрсеткіш бойынша өнеркәсіптік өнімнің көрсеткіш индексінің өсімі былтырғы жылғы кезеңмен салыстырғанда 104,3 пайызды, ал өңдеуші өнеркәсіп 107 пайызды құрап отыр.

Астана. 8-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда 9 айда химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі 21,7 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 9 айындағы көрсеткіш бойынша өнеркәсіптік өнімнің көрсеткіш индексінің өсімі былтырғы жылғы кезеңмен салыстырғанда 104,3 пайызды, ал өңдеуші өнеркәсіп 107 пайызды құрап отыр. Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталмыш кезеңде азық-түлік өнімдерін шығару, металл емес минералды өнімдер, қара, түсті металлургия, машина құрылысы өнімдері, химиялық өнеркәсіп пен киім шығару көрсеткіші артқан. Оның ішінде өндіріс айтарлықтай артқан салаларға мыналар жатады: химиялық өнеркәсіп өнімдері 121,7 пайыз, машина құрылысы - 119, пайыз, металлургия өнеркәсібі 108 пайызды құрап, 1,5 трлн. теңгенің өнімдері шығарылған. Машиналар мен қондырғылардан басқа дайын металл өнімдерін шығару 117,3 пайызға өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны