05.10.2011, 14:32 3658

Қазақстанда АЭС алдағы 10 жыл ішінде салынуы мүмкін

"Егер АЭС-тің құрылысы туралы шешім қабылданса және қазір станцияларды салу технологиялары бар екенін ескерсек, онда Қазақстанда атом станциясы алдағы 10 жылда пайда болуы мүмкін", - деді С. Яшин сәрсенбі күні KazEnergy VI Евразиялық форумында.

Астана. 5-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда АЭС алдағы 10 жыл ішінде салынуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "Қазатомөнеркәсіп" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сергей Яшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазТаг ақпараттық агенттігі.

"Егер АЭС-тің құрылысы туралы шешім қабылданса және қазір станцияларды салу технологиялары бар екенін ескерсек, онда Қазақстанда атом станциясы алдағы 10 жылда пайда болуы мүмкін", - деді С. Яшин сәрсенбі күні KazEnergy VI Евразиялық форумында.

Ол 2011 жылы Қазақстан үкіметі атом энергетикасы мен атом саласын дамыту бағдарламасын бекіткенін еске салды.

"Бағдарлама республикада атом энергетикасын дамытудың негіздерін қалайды. Жақын уақытта бізге атом энергетикасының еліміздің энергетикалық балансындағы ролі мен орнын анықтап, атом станцияларын орналастыру орнын анықтап алу қажет", - дейді компания басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, ең оңтайлы ядролық технологияны, бірінші кезекте, қауіпсіз технологияларды таңдау керек.

"...Сондай-ақ, кадрларды даярлау мен атом қуатын пайдалану үшін нормативті құжаттарды жасаудан бастап, қазақстандық кәсіпорындардың АЭС құрылысына қатысу мүмкіндігіне дейін көптеген мәселелерді шешу керек. Қазақстанда (бұл бағытта - ҚазТАГ) жұмыс қолға алынды", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны