02.04.2013, 15:37 3191

Қазақстанда ағымдағы жылы 13 млн га бидай себіледі

"Көктемгі егіс алқабы 18,6 млн. га құрайды. 15,9 млн. га астық, оның ішінде бидай 3,0 млн. га алқапта себіледі", - деді А.Мамытбеков.

Астана. 2-сәуір. Kazakhstan Today - 2013 жылы Қазақстанда 15,9 млн. га астық, оның ішінде бидай 3,0 млн. га алқапта себіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков ҚР Үкіметі отырысында мәлім етті.

"Көктемгі егіс алқабы 18,6 млн. га құрайды. 15,9 млн. га астық, оның ішінде бидай 3,0 млн. га алқапта себіледі", - деді А.Мамытбеков.

"Мысалы, дәндік жүгері алқабы 5,6 мың га, басқа дәнді дақылдар алқабы 76,8 мың га ұлғаяды. Майлы дақылдар алқабы 2013 жылы 1,9 млн. га жетеді, бұл өткен жылғы деңгейден 43, мың га артық, мал азық дақылдар - 3,1 млн. га", - деп толықтырды

министр.

Облыстың алдын ала деректері бойынша республика бойынша 2013 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 21,4 млн. га алқапта орналастыру жоспарланды, бұл 2012 жыл деңгейімен шамалас.

Сонымен қатар, 2012-2016 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша меморандумдар аясында басым дақылдардың алқабын кеңейту есебінен 2012 жылғы деңгеймен салыстырғанда бидай алқабының 468,0 мың га, күріш 5,7 мың га азайуы күтілуде.

"Мысалы, дәндік жүгері алқабы 5,6 мың га, басқа дәнді дақылдар алқабы 76,8 мың га ұлғаяды. Майлы дақылдар алқабы 2013 жылы 1,9 млн. га жетеді, бұл өткен жылғы деңгейден 43, мың га артық, мал азық дақылдар - 3,1 млн. га", - деп толықтырды

министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны