20.01.2009, 13:06 1661

Қазақстанда ағымдағы жылы мұнай өндіру көлемі болжамдағымен салыстырғанда 3 млн тоннаға кемуі мүмкін - Сұлтанов

Қазақстанда ағымдағы жылы мұнай өндіру көлемі болжамдағымен салыстырғанда 3 млн тоннаға кемуі мүмкін - Сұлтанов

Астана. 20 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда ағымдағы жылы мұнай өндіру көлемі болжамдағымен салыстырғанда 3 млн тоннаға кемуі мүмкін. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ресми болжам бойынша әзірге 2009 жылы 79 млн тонна мұнай өндірілмек. Бірақ біз өз болжамымызда көлемді 3 млн тоннаға қысқарту ескерілген, өйткені, бір барреліне баға $40 тұрған кезде, әрине, рентабельділіктің өзгеруіне байланысты жекелеген кеніштер көлемді қысқарта алады", - деді Б. Сұлтанов.

Ол сонымен бірге, үкімет металлургиялық өнім 1% -ға қысқарады деген болжам жасауда деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны