08.12.2016, 13:32 4098

Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенініӊ экспорттау орталығы құрылады

"Сыртқы нарықта өнімді ілгерілету кезінде отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау мақсатында, "Kaznex invest" АҚ және "ҚазАгроГарант" АҚ бір уақытта бірігуімен, "Азық-түлік корпорациясы" АҚ базасында АӨК Экспорттық орталығын ашу жоспарлануда", - деп атап өтті Гүлмира Исаева.

Алматы. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенініӊ экспорттау орталығы құрылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде 2 желтоқсанда өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева хабарлады.

"Сыртқы нарықта өнімді ілгерілету кезінде отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау мақсатында, "Kaznex invest" АҚ және "ҚазАгроГарант" АҚ бір уақытта бірігуімен, "Азық-түлік корпорациясы" АҚ базасында АӨК Экспорттық орталығын ашу жоспарлануда", - деп атап өтті Гүлмира Исаева.

Оныӊ айтуынша, Орталықтыӊ міндетіне ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді сервистік және қаржылық қолдау мен оларға арналған экспорттық арналар енетін болады. Басқаша айтқанда, орталық өнімді өткізудіӊ ықтимал нарықтары туралы ақпаратты іздеумен және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ұсынумен, шетелдегі көрмелер мен жәрмеӊкелерде орын ұсыну түрінде қолдау көрсетумен, сауда миссиялары құрамына енгізумен, зонттық брендтерді ілгерілетумен айналысатын болады.

Экспорттық арналар бөлігінде орталық әлеуетті сатып алушыларды іздеу, өнімді жеткізу туралы сатып алушылармен және сауда желілерімен келісімшарт жасаумен айналысады. Бұдан басқа, орталық экспорттық арналар ашу мақсатында тауарлар топтамасын қалыптастыру үшін өнімді сатып алуды жүзеге асыруы мүмкін.

Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама аясында экспортттау орталығы саудалық қаржыландыру, экспорттық келісімшарттарды сақтандыру, ілгерілету мен логистикаға арналған экспорттық гранттарды ұсынатын болады.

"Орталықтыӊ қолдау көрсетуініӊ арқасында ірі топтамаларды қалыптастыруға мүмкіндіктері бар ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінде тікелей және көлік-логистикалық немесе көтерме-тарату орталықтарында өнімді сату арқылы шетелдік нарыққа шығу мүмкіндігі пайда болады", - деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Сондай-ақ АӨК дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында органикалық өнімдер брендін ілгерілету мен нысаналы экспорттық саясатты құру қарастырылған.

Бұдан бұрын Елбасы жаӊа жаһандық нақты ахуалдағы маӊызды басымдық аграрлық сектордыӊ жедел дамуына апаруды және таяудағы 5 жылда АӨК қазақстандық экономиканыӊ қозғаушы күші болуы үшін барлық мүмкіндіктері бар деп атап өткен болатын. АӨК жаӊа рөлін іске асыру еліміздіӊ тұрақты дамуын теӊдестіреді, еӊбек өнімділігін арттырады және халықтыӊ негізгі бөлігініӊ өмір сүру деӊгейін көтереді. Осы мақсаттарға қол жеткізу ауқымды кооперация арқылы мүмкін болады.

Исаеваныӊ айтуы бойынша, жылдық сату көлемі 7 триллион АҚШ долларын құрайтын аса ірі тұтынушылық нарығыныӊ бірін қалыптастыра отырып, азық-түлікке деген жаһандық сұраныс үнемі артады. Қазақстан азық-түлік өніміне үлкен әлеуетті сұранысы бар Қытаймен, Ресеймен және Орталық Азия елдерімен шекараласады.

Анықтама: АӨК экономикасы және ауыл аймақтарын дамыту қазақ ҒЗИ мәліметі бойынша, Қазақстанда астық, зәйтүн, бұршақ, азық дақылдарын және дәрілік шөптерді өсіретін 302 мыӊ гектар аумағы бар органикалық өнімдерді өндіретін 29 өндіруші қызмет атқарады. Сондай-ақ органикалық өнімдерді қайта өӊдеу, сақтау, тасымалдау және т.б. операциялар үшін сертификатталған 19 компания бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны