05.06.2007, 13:31 1298

Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешен субьектілері өкілдерінің палатасы құрылады

АСТАНА. 5-маусым. Kazakhstan Today. "ҚазАгро" Ұлттық холдингі АҚ іс-қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешен субьектілері өкілдерімен іскерлік әріптестік пен конструктивті диалог орнату үшін агроөнеркәсіптік кешен субьектілері өкілдерінің палатасы құрылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Палатаның басты іс-қызмет бағыттары "ҚазАгро" Ұлттық холдингі АҚ-ның жанындағы консультативтік-кеңес органы ретінде айқындалған. Атап айтсақ, палата агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік саясатқа қатысты мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау, ұлттық холдингтің іс-қызметіне қатысты салалардағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөнінде нұсқаулар дайындау, мемлекет пен жеке меншік сектор форматындағы ынтымақтастықты қамтамасыз етуге қажетті ұстанымдарды бірлесе іздеумен шұғылданбақ.

Палатаның жұмыс тәртіптерін оның төрағасы Илихан Смайылов анықтайды. Ол палата мүшелерінен палатаның іс-қызметінің бағыттары бойынша жұмыс топтарын құра алады.

Агроөнеркәсіптік кешен субьектілері өкілдерінің палатасы құрамына Қазақстан Республикасының жұмыс берушілері мен кәсіпкерлерінің жалпыұлттық "Атамекен" одағы, "Қазақстанның астық өңдеушілері мен наубайшыларының одағы", "Қазақстанның шарап жасаушыларының одағы", "Бахус" АҚ, Қазақстанның құс өсірушілерінің одағы, "Қазақстанның астық одағы" мен "ҚазАгро" Ұлттық холдингі АҚ-ның өкілдері кірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны