30.12.2014, 20:02 4227

Қазақстанда Аи-92/93 бензинініӊ бағасы 109 теӊгеге дейін арзандады

2014 жылдыӊ 30 желтоқсанынан бастап Қазақстанда Аи-92/93 бензинініӊ бағасы 109 теӊгеге дейін арзандады.

Астана. 30 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2014 жылдыӊ 30 желтоқсанынан бастап Қазақстанда Аи-92/93 бензинініӊ бағасы 109 теӊгеге дейін арзандады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2014 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен келісілген "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрініӊ 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 193 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Энергетика министрініӊ 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 229 бұйрығына қол қойылды", - делінген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігініӊ баспасөз қызметініӊ мәліметінде, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрініӊ 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 193 бұйрығына келесі өзгерістер енгізілді:

"1 тармақтағы: "115" саны "109" санымен ауыстырылсын"".

Сонымен 30.12.2014 жылғы № 229 Бұйрыққа сәйкес бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдерініӊ шекті бағалары қосымша құн салығын қоса есептегенде келесіні құрайды: дизель отыны - 107 теӊге/литр; Аи-80 - 89 теӊге/литр; Аи-92/93 - 109 теӊге/литр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны