11.02.2015, 14:02 4055

Қазақстанда Аи-92/93 бензинініӊ бағасы 99 теӊгеге дейін арзандады

Бүгін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігініӊ сайтында (energo.gov.kz) "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға белгілеу туралы" ҚР Энергетика министрініӊ №67 бұйрығы жарияланды

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігініӊ сайтында (energo.gov.kz) "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға белгілеу туралы" ҚР Энергетика министрініӊ №67 бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Құжатта: "Мұнай өнімдерініӊ жекелеген түрлерін өндіруді және олардыӊ айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасыныӊ 2011 жылғы 20 шілдедегі заӊыныӊ 7-бабыныӊ 15-тармақшасына, 9-бабы 2-тармағыныӊ 3-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Бағаларына мемлекеттік реттеу бегіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға ҚҚС-ты есепке ала отырып, мынадай мөлшерде белгіленсін:

Дизель отыны - литріне 99 теӊге;

Аи-80 - литріне 89 теӊге;

Аи-92/93 - литріне 99 теӊге", - деп жазылған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны