04.09.2015, 16:25 4749

Қазақстанда АИ 92 мен АИ 93 маркалы бензин бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартады

ҚР Үкіметі ішкі нарықта АИ 92 мен АИ 93 маркалы бензин тапшылығын болдырмау үшін бұл маркідегі жанармай бағасын мемлекеттік реттеуден бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ОКҚ-да

Астана. 4 Қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметі ішкі нарықта АИ 92 мен АИ 93 маркалы бензин тапшылығын болдырмау үшін бұл маркідегі жанармай бағасын мемлекеттік реттеуден бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ОКҚ-да, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бүгінгі жағдайда еліміздегі өндіріс барлық қажеттілігімізді толығымен жаппайды. Сондықтан да көбіне Ресейден алып келеміз. Бағасы 108 теӊге, алайда біз теӊге бағамыныӊ еркін айналымға жібергендіктен қиындықтар туындауда. Бұрынғы бағам бойынша 20-шы тамызға дейін РФ жанармайды еркін алдыратынбыз, онда сатып алу бағасы 97 теӊге болса, 108 теӊгеден саудаға шығаратынбыз", - деді Б.Сағынтаев, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, бүгінде бензинге 120 теӊге кетеді.

"Жасыратыны жоқ ешкім өзін шығынға батырып жұмыс істемейді. Сондықтанда ҚР Үкіметі ішкі нарықта АИ 92 мен АИ 93 маркалы бензин тапшылығын болдырмау үшін бұл маркідегі жанармай бағасын мемлекеттік реттеуден бас тарту туралы шешім қабылдады", - деді Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Б.Сағынтаев

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны