01.03.2011, 14:13 4330

Қазақстанда ақпан айындағы инфляция 1,5 пайызды құрады

Қазақстанда 2011 жылдың ақпан айындағы инфляция 1,5 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 1 - наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2011 жылдың ақпан айындағы инфляция 1,5 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, баға азық-түлік тауарларына өткен айда 2, азық-түлік емес тауарларға - 0,2, ақылы қызмет көрсетулерге - 2,2 пайызға өскен.

"Өткен айда бағаның өсуі нан және жарма өнімдеріне 1,8, ал қарақұмық жармасына - 19,6, сөкке - 5,6, ұнға - 4,3, арпаға - 4, макарон өнімдеріне - 1,8, ұнға 0,4 пайызға белгіленді. Жаңа жиналған көкөніс 8,5, картоп - 3,5, жеміс - 2,9 пайызға қымбаттады. Баға деңгейі қантқа 5,4, шикі сүтке - 3,6, май және тоңмайға - 2,4, ет және құс етіне - 2,1, ашыған сүт өнімдеріне 1,7 пайызға жоғарылады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ баға өсімі фармацевтика өнімдеріне, жуғыш және тазалағыш құралдарға 0,3, киім мен аяқ киімге, жеке күтімге арналған тауарларға - 0,4, ыдысқа 0,5 пайызды құраған.

Ал шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарына 1,3, мейрамханалар мен қонақ үйлер, денсаулық сақтау қызметтеріне - 0,9, мәдениет - 0,6, білім беру - 0,3, көлік қызметтеріне 0,2 пайызға өскен. Байланыс қызметтері 11 пайызға артқан.

Тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулер саласында тарифтер тұрғын үйді ұстауға 3,9, суық суға - 3,2, кәрізге - 2,6, орталықтан жылытуға - 2,5, қоқыс жинауға - 2,3, электр энергиясына - 2,2, ыстық суға - 1,8, бөлінетін желілер бойынша тасымалданатын газға 0,3 пайызға қымбаттаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны