30.01.2007, 13:26 3517

Қазақстанда ақпан айының басында жазылатын бонустардың бастапқы көлемін айқындайтын үкімет қаулысы күшіне енеді

АЛМАТЫ. 30 қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстанда ақпан айының басында жазылатын бонустардың бастапқы көлемін айқындайтын қаулы күшіне енеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресми бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап. 
 
Үкімет қаулысына сәйкес, жазылатын бонустардың бастапқы көлемі  республиканың Салық кодексіне сәйкес анықталған.  
 
Жазылатын бонустардың бастапқы көлемі, пайдалы қазбалар мөлшері мен кен орнының экономикалық құндылығына қарай айқындалады. Атап айтқанда, мұнай, мұнайгаз және  газға барлау келісімдеріне жазылатын бонустардың бастапқы көлемі 2800 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде белгіленген(АЕК); техногенды минералдардың пайда болуын есепке алмағанда,  кен рудасына барлау келісімдеріне 280 АЕК көлемінде; кең тараған пайдалы қазбаларға, жер асты суына және емдік қасиеті бар балшықтарға  барлау келісімдеріне жазылатын бонустардың бастапқы көлемі 40 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде белгіленеді. 
 
Ал, мұнай, мұнайгаз және газ келісімдері бойынша барлау және өңдеу туралы бірлескен келісімдерге, егер қор бекітілмеген болса, жазылатын бонустардың бастапқы көлемі 3000 АЕК мөлшерінде; егер қор бекітілсе - 3000 АЕК төмен болмауы тиіс, кен рудасы келісімдеріне, техногенді минералдардың пайда болуын есепке алмағанда, бонустардың бастапқы көлемі 500 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде; егер қор бекітілсе, барлау және өндіруге бірлескен  келісімдерге 500 АЕК төмен болмауы тиіс; кең тараған пайдалы қазбаларға, жер асты суларына және емдік қасиеті бар балшықтарға барлау келісімдеріне бастапқы бонус  80 АЕК көлемінде белгіленеді.    

 
Сонымен қатар, үкімет қаулысына сәйкес өндіру келісімдеріне арналып жазылатын бонустардың алғашқы көлемі бекітілді. Атап айтқанда, мұнай, мұнайгаз және газ келісімдеріне жазылатын бонустардың бастапқы көлемі 3000 АЕК төмен болмауы тиіс; кен рудасы келісімдеріне, техногенді минералдардың пайда болуын есепке алмағанда, бонустардың бастапқы көлемі 500 айлық есеп көрсеткішінен төмен болмауы тиіс; кең тараған пайдалы қазбаларға, жер асты суларына және емдік қасиеті бар балшықтарға барлау келісімдеріне бастапқы бонус 120 АЕК көлемінде белгіленеді.    

Үкімет қаулысында көрсетілгендей, пайдалы қазбалардың құны халықаралық (Лондон биржасы) биржада белгіленетін биржа бағасымен, республика  үкіметі бекітетін ақпарат көздерінің мәліметтері бойынша  есептеледі.   
     
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны