04.08.2011, 13:02 3293

Қазақстанда алдағы бес жылда ауқымды жекешелендіру жүреді

"Мен алдағы бес жылдағы Қазақстанның экономикалық саясатындағы басты ұран - ауқымды жекешелендіру болатынына толық сенімдімін", - деп мәлімдеді басылымға берген сұхбатында Қайрат Нематұлы.

Алматы. 4 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда алдағы бес жылда ауқымды жекешелендіру жүреді. ҚР экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов "Коммерсантъ" газетіне берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мен алдағы бес жылдағы Қазақстанның экономикалық саясатындағы басты ұран - ауқымды жекешелендіру болатынына толық сенімдімін", - деп мәлімдеді басылымға берген сұхбатында Қайрат Нематұлы.

Министрдің айтуынша, жекешелендіру екі сатыда жүргізіледі. 2012 жылдың екінші тоқсанынан бастап 2015 жылға дейін жүргізілетін алғашқы кезеңде ұлттық компанияларға "халықтық" ІРО жүргізіледі. Ал 2015 жылдан кейін стратегиялық жаһандық инвесторларды тарту мақсатымен ұлттық холдингтерді нарықтарға шығару жоспарланып отыр.

"Біз есептей келе алғашқы сатыда айналатын қаржы көлемі шамамен $500 млн болады деп отырмыз. Оның $300 миллионы зейнетақы қорлары болса, қалған $200 млн - халықтың ақшасы болады. Экономикамыз өсіп келеді, "көгілдір фишкалар" да өсу үстінде. Халық та жекешелендіруге қатысатын болады. Елбасы бұл жағынан қатаң тапсырмалар берді. Біз UBS, Citi, PWC және басқа да заңгерлік компаниялардан кеңесшілер жалдап алдық. Қыркүйек - қазан айларында осы бағдарламаны таныстырамыз. Бастысы - жекешелендіру елдің ішінде де өзгерістер алып келмек. Заңнамада көптеген өзгерістер болады. Тарифтер ұзақ мерзімді, ашық және тұтынушылар үшін түсінікті болады", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны