10.08.2012, 10:12 3545

Қазақстанда астық жинау науқаны басталады

Бұл жайында ҚР Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков өзінің twitter-аккаунтында мәлімдеді.

Астана. 10-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда астық жинау науқаны басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жайында ҚР Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков өзінің twitter-аккаунтында мәлімдеді.

"2-3 күн ішінде елімізде астық жинау бойынша негізгі қызу жұмыс басталады", - деп жазады Асылжан Мамытбеков.

Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын Қостанай облысы астық жинау жұмыстарына кірісіп кеткен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны