03.07.2008, 19:01 3010

Қазақстанда аудиторлар жетіспеу проблемасы бар - Қаржы министрлігі (толық нұсқасы)

Қазақстанда аудиторлар жетіспеу проблемасы бар - Қаржы министрлігі (толық нұсқасы)

Алматы. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда аудиторлар жетіспеу проблемасы бар. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігінің аудиторлық қызметті дамыту, бухгалтерлік есеп және қаржылық бақылау департаментінің директоры Жәмилә Айтжанова листингтік компаниялардың аудит мәселесіне арналған дөңгелек үстел барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ж. Айтжанованың мәліметінше, қазір Қазақстанда 8 мың жалпының мүддесіндегі компанияға 129 аудиторлық ұйымның құрамында небәрі 500 аудитор жұмыс істейді. "Осыған байланысты кейінгі екі жылда аудиторлық қызмет құны бірнеше есе өсті. Аудиторлық қызметтің сапасына шағымдану оқиғалары да арта түсті", -деді департамент директоры.

Оның пікірінше, аудиторлық қызметтің сапасы жыл санап төмендей түсуде, аудиторлық қызмет уақытылы жүргізілмейді.

"Барлық ұлттық компаниялар "үлкен төрттік" (халықаралық аудиторлық ұйымдар PWHС, KPMG, Ernst&Young, Deloitte. ) пен басқа да компанияларға алдағы үш жылға кезекке жазылып қойғанын айтып шағымдануда", -деді ол.

"2006 жылдың 5 мамырындағы заң күшіне енген сәттен бастап аудиторлық ұйымдардың тең жартысына жуығы жабылды, оған сәйкес аудиторлық ұйымдардың құрамындағы аудиторлар саны үш адамнен кем болмауға тиіс. Соған дейін 328 аудиторлық ұйым болса, қазір олардың саны - 129, оның 8-і жабылу алдында", - деді Ж. Айтжанова.

ҚР Қаржы министрлігінің аудиторлық қызметті дамыту, бухгалтерлік есеп және қаржылық бақылау департаменті аудиторлық ұйымдардың басты көрсеткіштері бойынша есеп беру формасын жасаған, алайда ол "кәсіби ұйымдардың кейбір наразылығын тудырды".

"129 ұйымның 118-і есепті тапсырған, келтірілген есеп бойынша аудиторлық компаниялардың 2007 жылғы кірісі 14 млрд 159 млн теңге болған. Оның ішінде листинг тізіміндегі заңды тұлғаларға аудиторлық тексеру жүргізуге рұқсат алған 12 аудиторлық компанияның кірісінің үлесі 84%-дан асады. Ал осы компанияларда жұмыс істейтін аудиторлар саны 1787 клиентке 74 адамды құраған", -деді Ж.Айтжанова.

Оның пікірінше, 74 адам осыншама клиентке қызмет көрсете алмайды, осыған байланысты ахуалды жақсарту үшін департаментке жаңа заңның жобасын жасау тапсырылған. Ол 2008 жылдың аяғына таман қабылдануы мүмкін.

Өз кезегінде Қазақстан қор биржасының президенті Азамат Жолдасбековтың айтуынша, аудиторлық қызмет нарығындағы көптеген проблемаларға қатысты кінә Қазақстан қор биржасында және мемлекеттік органдарда жатыр.

"Қазақстан қор биржасы да, мемлекеттік органдар да аудиторлық нарықтың теріс әрі бір жақты шоғырлануына кінәлі. Соның салдарынан аудиторлық қызметтің құны көтеріле түсті. Міндетті түрде аудиторлық тексеруден өтуге тиіс АҚ ретінде бұл тауқыметтің азабын біз де тартып оытрмыз. Осы орайда Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығына рахмет айту керек, оларда аудиторлық қызмет шығындарының орнын толтыру тетігі бар, бірақ өкінішке орай ол әлі тәжірибеден өткен жоқ ", -деді А.Жолдасбеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны