19.10.2011, 17:15 4606

Қазақстанда ауыл бизнесіне рұқсат беретін құжаттар тізімі қысқартылады

"Осы жылы рұқсат беретiн құжаттарды қысқартудың екiншi кезеңi басталды. Қазiр Үкiмет жаңа заң жобасын әзірлеуде. Өзіңіз білетіндей, Мемлекет басшысы рұқсат беретін құжаттарды 30%-ға қысқарту туралы нақты тапсырма берді. Бұл бизнеске серпіліс беруі тиіс", - деді И. Жеңiсов.

Астана. 19-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда ауыл бизнесіне рұқсат беретін құжаттар тізімі қысқартылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгiн BNews.kz порталындағы интернет-конференцияда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу стратегиясы департаментінің директоры Идiл Жеңiсов мәлiм етті, деп хабрлайды BNews.kz ақпараттық агенттігі.

"Осы жылы рұқсат беретiн құжаттарды қысқартудың екiншi кезеңi басталды. Қазiр Үкiмет жаңа заң жобасын әзірлеуде. Өзіңіз білетіндей, Мемлекет басшысы рұқсат беретін құжаттарды 30%-ға қысқарту туралы нақты тапсырма берді. Бұл бизнеске серпіліс беруі тиіс", - деді И. Жеңiсов.

"Кәсіпкерлікпен айналысу үшін оны ашуға қажетті құжаттардың ең аз тізімі, қызметтiң реттелетiн түрлерiнiң ең аз тiзiмi болуы тиіс, яғни, адам айталық, қызмет көрсету орталығына барып, жеке кәсiпкер ретінде тіркеліп, лицензия алады, мүмкін болса электрондық үлгіде де алуға болады", - деп толықтырды ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны