03.02.2017, 18:03 6836

Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жөніндегі түсіндіру жұмыстары басталды

Биыл 1-18 ақпан аралығында Қазақстанныӊ барлық өӊірінде ауылдық жерлердіӊ тұрғындарына ауыл шаруашылығы кооперациясыныӊ негіздері, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне мемлекеттік қолдау көрсетудіӊ жаӊа тетіктері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі,- деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Биыл 1-18 ақпан аралығында Қазақстанныӊ барлық өӊірінде ауылдық жерлердіӊ тұрғындарына ауыл шаруашылығы кооперациясыныӊ негіздері, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне мемлекеттік қолдау көрсетудіӊ жаӊа тетіктері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі,- деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Аталған шара Мемлекет басшысыныӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау мақсатында жүргізіледі.

Мемлекет басшысы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауылдағы ауыл шаруашылығы кооперациясына кем дегенде 500 мыӊ ЖҚШ-ты кеӊінен тарту міндетін жүктеді.

Түсіндіру жұмыстарын тиісті деӊгейде жүргізу үшін Министрлік АШМ қызметкерлерініӊ құрамы мен ғылыми ұйымдардыӊ өкілдерінен сарапшылар тобын құрды. Осындай семинарлардыӊ басты міндеті - ауыл халқыныӊ әрбір тұрғынына ауыл шаруашылығы кооперациясын құру негіздері туралы ақпарат беру.

Көшпелі тренингтер аясында тиісті инфрақұрылымныӊ бар екенін анықтау, өӊдеуші кәсіпорындармен, өткізу нарығымен өзара байланысты айқындау және т.б. мақсатта құрылған кооперативтердіӊ мониторингі жүргізіледі. Сонымен қатар, міндеттерді іске асыру үшін ауыл шаруашылығы кооперациясы бойынша бірыӊғай ақпараттық-анықтамалық call-орталық қызмет көрсетеді (барлық бағыттардан қоӊыраулар шалу тегін).

8 8000 80 80 10 нөмірі бойынша Қазақстанныӊ кез-келген тұрғыны ауыл шаруашылығы кооперативін құру туралы, кооперативтерге мемлекеттік қолдаудыӊ түрлері, қаржыландыру шаралары, кооператив қатысушыларына арналған артықшылықтар жөніндегі сұрақтарына жауап, кеӊес ала алады.

Семинарлар, тренингтер өткізу туралы толық мәлімет пен қажетті ақпаратты ҚР АШМ (mgov.kz) мен Агробіліктілік орталығыныӊ (fermers.kz) ресми сайтынан алуға болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны