17.09.2012, 17:39 3037

Қазақстанда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 2,7 мыңнан астам шағын несиелер берілді

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ холдингінің еншілес компаниясы табыстары орта және төмен деңгейдегі ауыл тұрғындарын шағын несиелендіру бағдарламасы бойынша 2 331,7 млн. теңге соманың 2 790 шағын несиесі берілді", делінген хабарламада.

Астана. 17-қыркүйек. Kazakhstan Today - Ауыл тұрғындарын несиелендіру бағдарламасының аясында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 2790 шағын несие берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ холдингінің еншілес компаниясы табыстары орта және төмен деңгейдегі ауыл тұрғындарын шағын несиелендіру бағдарламасы бойынша 2 331,7 млн. теңге соманың 2 790 шағын несиесі берілді", делінген хабарламада.

Ал заемшылар өз кезектерінде, бұл қаржыға 10 мың бастан астам ірі қара мал, 659 бас доңыз, 9 мыңнан астам ұсақ мал, 1 455 бас жылқы, 76 түйе, 1 103 бас құс сатып алды.

Және "Аграрлық несие корпорациясы" арқылы 127 несие серіктестігі несиелендірілді: оларға 246 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын, топырақ өңдеуге арналған 145 бірлік құрал-жабдықтар және 40 мың бас мал сатып алуға 8,101 млрд. теңге сома несие берілді.

Сондай-ақ құрамына 190 ауыл шаруашылығы тауарлары өндірушілер мен 339 жеке қосалқы шаруашылық кірген 6 ауылдық тұтынушылар кооперациясы 223 млн. теңге сомаға несиелендірілсе, ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеумен және азық-түлік өнімдерінің өндірісімен айналысатын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін несиелендіру бағдарламасы бойынша 240,8 млн. теңге соманың 4 жобасы қаржыландырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны